Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан әуежайының бас бухгалтері тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Нұр-Сұлтан әуежайының бас бухгалтері, сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін айыпталып, тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айыптау актісіне сәйкес, астаналық әуежайдың бас бухгалтері Бабашева өзінің орынбасары Палмановамен, "Билдинг НК" ЖШС қаржы директоры Сейтова, "Бабашев Е.Е." ЖК директоры, әуежайдың екі бухгалтері және жетекші бухгалтері Баяндина, Илюбаева және Узденбаевалармен бірге алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 1 675 493 472 теңге көлемінде аса ірі мөлшерде қаржы жымқырған.

Атап айтқанда, бас бухгалтер Бабашева екі қылмыс жасаған: Нұр-Сұлтанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің лауазымды тұлғаларына Қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу үшін 16 миллион теңге сомасында пара берді. Одан бөлек, әуежай қаражатын 30-дан астам компанияның есеп айырысу шоттарына аудару арқылы іс жүзінде жұмыстарды орындамай 1,7 миллиард теңге сомасын жымқырды деген айып тағылуда. Бұл туралы бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.


Миллиондаған пара: Нұр-Сұлтан әкімдігінің басшысы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді 


Қылмыстық іс сотқа биыл мамыр айында берілді.

Тамыз айында сот отырыстарының бірінде ЕЦ-166/1-де қамауда отырған Бабашева ауырып, сот отырысына қатыса алмайтыны белгілі болды.

Сотталушы Бабашеваның мемлекеттік айыптаушысы мен қорғаушысы сараптама тағайындау туралы өтініш білдіріп, сот өтінішті қанағаттандырған.

Осы сараптама тағайындалғаннан кейін ЕЦ 166/1-ден Бабашева А.Е.  дәрілерді ішіп, уланбақ болғаны туралы хабарлама келді. Осыған байланысты оның психологиялық және эмоционалды жағдайын анықтау қажет болды", - деді соттың келесі шешімінде.

Қылмыстық істің сотта қаралуы уақытша тоқтатылды.

Талқылау