Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан әкімі: "Қызметкерлерді мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру керек"

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ұйымдар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне барынша көшіруі қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қызметі рұқсат етілген ұйымдар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын бақылауы керек. Covid-19 жұқтырғандардың жартысы әртүрлі ұжымдар. Күн сайын әкімдіктің мобильді тобы полиция қызметкерлерімен, санитарлық дәрігерлермен, волонтерлермен бірлесіп рейдтер жүргізіп жатыр. Тәртіпбұзушылық болған жағдайда нысандар жабылады", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Алтай Күлгінов елордада Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар үшін қосымша 400 провизорлық орын ашылғанын атап өтті. Оның ішінде, стационарлар базасында инфаркт, инсульт, қант диабеті бар (КВИ-ға күдігі бар) адамдарға арналған жеке орындар анықталды.

"Қалалық және жеке меншік емханалардың бас дәрігерлерімен, стационарлардың, талдау-орталықтарының басшыларымен және қаланың бас санитарлық дәрігерімен онлайн-кездесуден кейін коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларын емдеу үшін телемедицинаға көшу туралы шешім қабылданды. Медицина қызметкерлері бейнеқоңыраулар және басқа да байланыс арналары арқылы тұрғындардың денсаулық жағдайын қадағалайды, коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларына барлық мәселелер бойынша кеңес береді. Науқастарда симптомдар пайда болған жағдайда олар ауруханаға жатқызылады", - деді ол.

Әкімнің сөзінше, шетелден ұшып келген әуежолаушыларды оқшаулау тәжірибесі жалғасады. "Рамада Плаза" қонақ үйінде медстационарға жабдықталған нөмірлер дайындалды.

Сондай-ақ, Алтай Көлгінов астаналықтарды отбасылық мерекелерді өткізбеуге және қонаққа барудан бас тартуға, санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр