Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтанның тура ортасында жолдың асфальты опырылып түсті

Нұр-Сұлтандағы Керей, Жәнібек хандар және Түркістан көшелерінің қиылысындағы жолдың асфальты опырылып түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның 11 сәуірде болғанын хабарлады.

"Керей, Жәнібек хандар және Түркістан көшелерінің қиылысында кәріз құбырындағы апат жол жабынының негізін шайған, салдарынан жол бөлігі опырылды", –  деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда бұл аумақ қоршалған. "Эко жүйе" коммуналдық қызметі кәріз құбырының бүлінген бөлігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Елорда әкімдігінде түсіндіргендей, қалалық жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қысқа мерзімде жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 11 Сәуір, 2022 18:58
Талқылау