Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтандағы асханалардың бірінде жаппай төбелеске қатысты полиция түсініктеме берді

Нұр-Сұлтандағы асханалардың бірінде жаппай төбелес орын алды. Ерлі-зайыптылар кәуіп жегісі келіп кафеге келген бірақ есепті төлегісі келмеген. Тамақтанып болған соң, шығып бара жатқан жұпты әкімші тоқтатып, шотты төлеуді сұрайды. Осы кезде жаппай төбелес басталған. Елорда полициясы бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жариялаған видео кадрларында тіпті аспаз ас үйден шығып, қызметкерлерге қалай көмектесуге асыққанын көруге болады.

Видеодан қыздың тапаншаға ұқсас заты алып мекеме қызметкерлерін қорқытып жатқанын көруге болыды. Осы сәтте жігіті оның артына тығылып, екеуі қашып кеткен. 

Нұр-сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі дәмхана аспазынан арыз түскенін айтты. Ол клиенттер тапанша тәрізді затпен қорқытып, оған дене жарақатын тигізгенін айтты. Қазір полицияның мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушылары анықталып, ұсталды.

"Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген қару балалардың ойын тапаншасы болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген ведомство хабарламасында.

 

Талқылау