AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтанда полиция қызметкері массажға есірткімен төлем жасаған

Нұр-Сұлтанда полицей есірткі өнімін сатқаны және сақтағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 соты Сарыарқа аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз сату және сақтау фактісі бойынша айыптау үкімін жариялады.

Т.-ға массаж қызметіне үшін 2,1 грамм есірткі заты – гашишпен төлегені үшін, сондай-ақ аса ірі мөлшерде жалпы салмағы 21,76 грамм гашишті заңсыз сақтаған деген айып тағылды.

Сотта анықталғандай, сотталушының кінәсі массаж қызметін көрсеткен және бұл үшін Т.-дан гашиш алған куәгердің, тінтуге қатысқан куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жасалған әңгімелесу жазбаларымен дәлелденді.

"Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот Т. ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша – 5 жылға бас бостандығынан айыру, ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі бойынша – 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Т. 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сотталушы полиция подполковнигі арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр