AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтанда құрылыс дүкені тұрғындарының ақшасын алып алдап кеткен

Елордада бір топ тұрғын құрылыс дүкені ақшаларын алып, ұайтармай қойды деп шағымданды. Сатушылар уәде еткен уақытта тауар жеткізбеген. Артынша ізін суытып, өздері де ұстатпай кетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Дүкен басшылығы бұл жағдайдан бейхабармыз, ол қызметкерлер өзімізді де алдап-соқты деп ақталды.

Азаматтар ұжымдағы мұндай былықты “қалай білмей қалуға болады” деп ашулы. Мәселенің ақ-қарасын анықтауға Елдос Есенбол тырысып көрді.

Жөндеу жүргізбек болған бір топ елордалық тұрғын дәл жиһаз дүкеніне келіп сауда жасаған. Қалағанын таңдап, қаржысын санап берген. Бірақ уақыт өткен соң не ақша, не жиһазымызды ала алмай қалдық деп сан соғып отыр.

“Әбден алдандық” деген азаматтар әділдігін дауламаққа бүгін тағы келіпті. Бұл олардың соңғы бір айда әдетке айналдырған жұмысы. Ақиқатына жете алмай жүрміз деп ашулы олар. Елорданың орталығында орналасқан сауда орны болғаннан соң еш күмән келтірмепті.

“Менен қашан түсқағаз жабыстырасыз деп сұрады. Бір айдай уақыт бар екенін айттым. Мен төлеген кезде чек сұрадым, келісім-шарт жасауды сұрадым. Бірақ олар, төлем жасатып алды. Жүз пайыз төлем жасадым”, –дейді Қатира. 

Осылайша сатушының айтқанына иланып 790 мың теңгесін ұстатата салған. Бірақ ешқандай келісімшарт жоқ, қазына чегі де берілмепті. Кейін шекарада тауар тұрып қалды деп алдарқатса, артынша тіпті із суытқан. Дәл осындай сан соғып қалғандардың саны жиырмаға жуық. “Жалпы шығынымыз 30 миллионға таяп қалды” дейді алданғандар. Сатушылар алдап-арбап, тіпті айтарлықтай жеңілдік ұсынып баураған.

“Тапсырыс бергеннен кейін қайта хабарласып, тағы қажеттіліктерді қосайын дегенмін. Ар жағында менен тапсырыс қабылдаған Айман деген сатушы жылап тұр. Сіздің ақшаңызды “Лото” клубта жұмсап жібердік деді. Басшылық мұндай жұмысшылар үшін жауап беруі керек деп ойлаймын”, – дейді Әсел. 

Ал дүкен иесі бар бәле осында жұмыс істеген екі менеджерден келді дейді. Кәсіпкердің айтуынша, азаматтар даулаған ақшаның бір тиыны да дүкен қазынасына түспепті. Басшының өзі ұжымдағы мұндай былықтан бейхабар болдым деп отыр. 

“Осында менеджерлер жұмыс істеген. Қазір олар жұмыстан қуылды. Наурыздың соңынан бері бізде жұмыс істемейді. Олар тұтынушыларды алдап соққан. Алаяқтық жасаған. Жалған құжат жасап азаматтардан ақша алған. Мен бұл жағдайды білген кезде дереу олардың үстінен арыз жаздым”, – дейді кәсіпкер Жанат Садықова. 

Қазір істің ақ-қарасын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Басшылық кінәлаған екі сатушы ұсталып, ешқайда шықпау туралы қолхат жазыпты. Бірақ олардың біреуіне ғана іс қозғалған. Қол астындағылардың жұмысын салғырт бақылағаны үшін басшы да жауапқа тартылсын дейді алданғандар. Алданған тұрғындар енді Бас прокуратураға арыз дайындауда. Ал дүкен жұмысын жалғастырып жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр