Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтанда гипермаркет қызметкерінен коронавирус табылды

Нұр-Сұлтандағы "Метро" гипермаркетінің қызметкерінен коронавирус табылды. Дүкен толық дезинфекциядан өтіп, басқа топпен қайта ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

супермаркет

COVID-19 қызметкерде өткен сенбіде, 25 сәуірде расталды. Жедел жәрдем науқасты үйінен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізді.

"Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланады. 26 сәуірде инфекция туралы ақпарат алғаннан кейін, сауда орталығы компания басшылығының шешімімен жабылды, сертификатталған компанияның көмегімен зал толығымен дезинфекцияланды", - деді "МЕТРО Кэш энд Керри" ЖШС өкілі.

Гипермаркет келесі күні басқа командамен ашылды, делінген хабарламада.

Елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін компания жұмысшыларды А және В топтарына бөліп, "екі күнде екі" жұмыс кестесін жасады.

Коронавирус анықталған қызметкер А тобына жатады, сондықтан 26 сәуірде осы санаттағы барлық 70 жұмысшы карантинге жіберілді.

"Таяу уақытта жұқтырған адамдармен байланысқа шыққан біздің барлық қызметкерлеріміз компания есебінен коронавирусты тексеруден өткізеді. Елордадағы біздің сауда орталығымыздың жұмыс уақытын сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін белгілеу туралы шешім қабылданды", - деді "МЕТРО Кэш энд Керри" ЖШС бас директоры Антон Ван Горп.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр