Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтан коронавирус бойынша "сары" аймақтар қатарына кірді

Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа кіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

"Бүгінде Нұр-Сұлтан "сары" аймақта. Бізде "сары" аймақ болған кезде, жеңілдік жасауға мүмкіндік жоқ. Күніне 49 жағдай тіркеледі. Сондықтан СОО, кинотеатрлар және т.б. қатысты қандай да бір жеңілдік жасауға мүмкіндігіміз жоқ", - деді журналистердің сұрағына жауап берген Пірәлиева.

Қаланың бас санитар дәрігері Нұр-Сұлтанда бұрынғы карантиндік режим сақталып отырғанын атап өтті.

"Күн сайын есептерді қабылдаймыз. Қаладағы жағдай аздап алаңдатады. Ақмола облысына жақын орналасқаннан болар. Ауырғандардың көбі сырттан келген. Күніне мұндай бес-жеті жағдай анықталады. Олардың арасында бізге келген Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да бар. Қонақта болып, оң нәтижелермен келгендер де бар. Тәуекелдер бар, сондықтан карантин режимі сақталуда", - деп қосты ол.

"Жеті күн ішінде R саны (инфекцияның репродуктивті қабілеттілігінің индикаторы) бірден жоғары. Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 1,1 есе артық. Бұл шамамен 28,3 пайыз", - деп қорытындылады Пірәлиева.

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Қараша, 2020 19:31
Талқылау