Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нығматулин қаржы министріне: Қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек

Бүгін палатаның кезекті жалпы отырысында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин басқа елдердің Қазақстанға қайтаруға тиіс берешектерін уақытында реттеу керектігіне назар аударды.

Нақтылап айтқанда бұл мәселе Қазақстан Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттерін қайта құрылымдауға қатысты ратификациялық заң жобасын талқылау кезінде көтерілді, -деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәселен, депутат Ирина Унжакова Грузия Үкіметінің берешекті қайтармауға қатысты жағдайы 20 жылдан асып бара жатқанын атап айтты.

Осыдан кейін Мәжіліс Спикері қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа: «Грузиндік әріптестермен қарыз мәселесінің реттелгені жақсы, дегенмен, бұл босаңсуға себеп болмауы керек. Өйткені, басқа елдермен қарыздар бойынша әлі реттелмеген сұрақтар бар», – деді.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы қайтарылған қаржылар бюджет қоржынын толтыру керектігін баса айтты. «Қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек», – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Сәрсенбіге арналған ауа-райы болжамы

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас іштегі сәби үшін пайдалы

Жүктілік кезінде ескеретін дүниелер

Қытай халқының саны 1 миллиард 399 миллионға жетті

 

Талқылау