Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаев: Той әндері арқылы тезірек елдің батасын аламыз деген ойдамыз

Әнші Нұржан Керменбаев продюсерлікке бет бұрды. Алайда, бұл қадамға Нұржан бірден келген жоқпын дейді. Көп ойланып, көп толғанған.

Нұржан Керменбаев

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Ұзақ зерттедік, біз бір күнде келе салған жоқпыз. Жұмыс жасап келе жатқанымызға бір жарты жылдай болды», – дейді әнші Нұржан Керменбаев.

Иә, әнші өнерге бей-жай қарай салмайды. Нұржан қанатының астына алған жас әнші Нұрман Арыстан есімді жігіт. Әлі студент. Жас әнші бұрын Сиви құрған «Саламат» тобында ән салған. Бүгінде атышулы әнші Махмудимен ат құйрығын үзіскен.

Нұржанның өзі аса қатал продюсер болмайтынын айтады. Себебі, жұмыстан бұрын аға мен іні арасындағы сыйластық басым көрінеді.

Қазір Нұржан мен Нұрман арасында ұзақ жылға келсім шарт дайындалуда.

«Той-думанға қатысты бағытта ұрамыз. Ашық мойындаймын. Өздеріңізде байқаған шығарсыздар.  Ондай әндер көп. Сол арқылы тезірек елдің батасын аламыз деген ойдамыз», – дейді әнші Нұржан Керменбаев.

Жұмысқа білек сыбана кіріскен Керменбаев, жаңа жобасына алғашқы бейнебаян да түсіріп үлгеріпті. Көңілді, ырғақты ән «Мария» деп аталады. Әнінің сөзін белгілі ақын Ринат Зайтов жазған. Дегенмен, Нұржан қол астындағы жас әншінің той әндері арқылы жылдам танымал болатынына сенімді. Халықтың көңілінен шыға ма, жоқ па бұл енді болашақ еншісінде.

Оқи отырыңыз:

Мәдина Сәдуақасова Ақтөбедегі лифтіде көз жұмған тележүргізушіні еске алды

Ерболат Құдайберген: Халыққа ұнау қиынырақ болып кетті

Сейфуллин Жолбарыс әнші Бақыт Шадаеваның үйін тартып алған

Қазақстандық режиссер Иван Дорнға Африкада бейнебаян түсіріп берді (видео)

Талқылау