Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаев 10 жылдық концертіне әндерінің сөзін жаттамай келді (видео)

2006-шы жылы «Super Star.kz» байқауы арқылы дүйім жұртқа танылған Нұржан Керменбаев Алматы шаһарында кәсіби сахнадағы 10 жылдық мерейтойын атап өтті. 100 пайыз жанды дауыста өткен ән кешіне Stan.kz тілшісі де қатысып қайтқан болатын. Ал, Нұржанмен болған эксклюзивті сұхбатты дәл қазір назарларыңызға ұсынамыз.

«Қап, әттеген-ай деген сәттер менің ойымша әрбір концертте болады. Өйткені, дайындық кезінде басқа әсер болады, жүрек қағысы, жалпы ішкі дайындық басқаша болады. Ал, концерт кезінде өзгерістер импровизация ретінде кетіп қалып жатады. Бірақ жалпылама дайындығымыздың 99% орындап шықтық деп ойлаймын», – әңгіменің әлқиссасын Қара бала дәл осылай бастады.

Иә, Нұржанның бұлай деуі де тегін емес! Ұзақ уақыт әзірленген жанды дауыстағы ән кеші көрерменнің құлақ құрышын қандырғанымен, Керменбаев кемшін тұстарының да бар екенін жасырмайды. Мәселен, әнші репертуарындағы соңғы жазылған тың тректердің сөзін жаттамаған болып шықты.

«Әннің сөзін, мәтінін жаттауға уақыт болмай қалды. Өйткені ол әнді мен бұрын жиі айтпайтын едім де. Өйткені ол соңғы шыққан әндерімнің бірі еді. Содан кейін сөзіне қарап тұрған сәттерім болды. Қиып тастайын десем әдемі ән. Қимастықпен оны концерттік бағдарламаға қостық және амал жоқ сөзіне қарап тұрып айтып шығуға тура келді», – дейді Нұржан Керменбаев.

Лайф-бэнд, жанды дауыс, бишілер ұжымы, сахналық қойылым, түрлі шоу және сахналық декорация! Нұржан есеп беру кеші ел есінде ұзақ сақталсын деген мақсатпен қомақты қаржы жұмсағанын айтады. Алайда, нақты соманы ашып айтпаса да, атымтай жомарт азаматтардың көмегіне жүгінгенін жасырмайды.

«Ақша жағын айта алмаймын. Бірақ, арзан емес көп кетті. Қымбат концерт болды деп айтсам болады. Өйткені, бұл концерт менің бір жылдығым емес. Мен негізі ең алғаш сахнаға шыққанда бір жылдан кейін концерт берсем болатын еді. Бірақ ол мүлдем басқа сападағы, басқа деңгейдегі концерт болатын еді. Мен жалпы 10 жыл күткендіктен бұл концертке жауапкершілікпен қарап, үлкен бір қаражат салуға тура келді. Аллаға шүкір, демеушілерім бар. Ағаларым бар. Бірақ олар жалпы өздерін жасырын болып қалғанын қалайтын адамдар. Алғысым шексіз», – дейді Қапкарашка.

Сонымен қатар, Қара баланың қуанышты күнінде өнердегі әрі өмірдегі достары «Перцы» тобы 7 жылдық үзіліскен қайта сахнаға шығып, Керменбаевқа қолдау көрсетсе, «Арнау» дуэтінің репертуарынан Салтанат Бақаева мен Нұржан 4 әнді орындады.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

“Жігіттер” тобындағы Айдар алғаш рет отбасы жайлы айтты

Мемлекеттік Туды терезеге іліп қойған қызылордалық азаматқа жарты миллион теңге айыппұл салынды

Мейрамбек Бесбаев: Алтынбек Қоразбаев көкемнің көзіне түспегенде, болашағым қалай болатынын білмеймін

Сәкен Майғазиев әйелдерін құрметтемей, сараңдық танытатын ерлерді сынап тастады

Той жасаудың қиындығын түсінген Арман мен Аша әріптестерінен кешірім сұрады (фото)

Талқылау