Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай уақытша тіркеу туралы әзілдеді

Танымал продюсер, актер, әзілкеш Нұртас Адамбай желідегі парақшасында қоғамдағы өзекті тақырыпқа айналған тіркеуге қатысты қалжыңдады.

photo

“Менің бір танысым бар. Бұрын ол маған тазайын, ақылды адам болып көрінетін. Онымен сөйлесу үнемі қызық болатын. Оны тұлға ретінде құрметтедім. Бірақ жақында адам шошырлық шындық естідім. Сөйтсе, ол уақытша тіркеуге тұрмаған екен. Тіркелген жерінде тұрып жатқан жоқ болып шықты. Осыны біліп қатты қателескенімді сезіндім. Кім екені белгілі болып қалды. Ол бұл әрекеті үшін ұялатынын білемін. Бірақ, оны ешқашан кешіре алмаймын”, – деп жазды актер инстаграмда.

Оның бұл әзіліне желі қолданушылары риза болысқан. Жалпы, міндетті уақытша тіркеу туралы заң шыққалы бері, бұл қоғам тарапынан қатты қарсылыққа ұшырауда. Бұған дейін актер Ерден Телемісов Қазақстандағы уақытша тіркеу туралы заңға байланысты әзіл видео түсірген. Ал Қуат “Найман” болса бұл мәселеге қатысты тіпті қатаң көзқараста екенін жасырмай жайып салды.

Қабылданған заң бойынша, 7 қаңтардан бастап тіркеуі жоқ азаматтардың айыппұл төлеуіне қатысты қоғамда дау туындап жатыр. Енді міндетті уақытша тіркеуге тұрмаған тұрғындар да, пәтер иелері де айыппұл төлеуге мәжбүр.

Заңды құрастырушылардың айтуынша, бұл заң уақытша тіркеуге орналасқан азаматтардың әлеуметтік көмектерді пайдалануына жол ашады. Сондай-ақ, бұл ереже заңсыз жалға берушілерді де анықтап, ішкі миграцияның бір жолға түсуіне жол ашпақ.

Оқи отырыңыз:

Салтанат Бақаеваға тон ұрлады деген жала жабылды

Тыңдарманы Мақпал Жүнісоваға домбырамен ән арнады (видео)

Ұлын қырқынан шығарған Мөлдір Әуелбекова жұмысқа кірісті (фото)

Жәния Джуринская 10 жасар жиеніне құрбысынан өш алуға кеңес берген

Талқылау