Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай: Отанымыз бізді керек етпесе, бақытымызды шетелден іздеуге мәжбүрміз

Нұртас Адамбай кезекті сұхбаттарының бірінде соңғы жаңалықтарын бөлісті. Режиссердің айтуынша, ол алдағы желтоқсан айында қазақстандық көрермен үшін бір фильм түсіріп, ары қарай мансабын шетелде жалғастырмақ. Бұған қаржы мәселесі себеп болып отыр екен.

14917283_1119660161436540_8751595273099547545_o

Бұл туралы exclusive.kz журналына берген сұхбатында айтып берді.

– Сіздің фильмдеріңіз Қазақстаннан өзге мемлекеттерде де танымал. Олардың қатарында Ресей елі де бар. Аталған елдің көрермендері әдетте жақсы пікір білдіре ме?

– Олардың біздің фильмдерімізге деген көзқарасын байқау үшін туындыларымызды ресейлік сайттарға жүктедік. Көршілеріміздің пікірін осылай білдік. Қазір кез келген сайтқа кіріп, пікірлерді оқып шығуыңызға болады. “Қазақстанда да қызықты фильмдер түсіріле бастапты ғой” деп жазады. Бізді түсінеді. Мұнымен қатар, Якутия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан сынды мемлекеттер қолдау білдіріп, фильмдерімізді прокатқа шығару туралы ұсыныстар білдіреді.

Шынымды айтсам, “Сәбина келін” фильмін жұрт дәл осылай жоғары бағалайды деп күтпедім. Мысалы, Қырғызстанға барғанымда, жас бойжеткен аталған фильмді отбасымен бірге сүйіп көретіндіктерін айтты. Артынша бірге суретке түсуімді өтінді. Өзбекстанның метросында да дәл осындай жағдай болды. Әзірбайжан елінің әйелі “Бұл туындыға менің тағдырымды арқау еткен екенсіздер. Сіздер мені бақылап жүрдіңіздер ме?” деп те хат жазған кездері болды. “Сәбина келіннің” халықаралық әзілге негізделген жоба болғаны қуантады Уақыт жетіспеушілігі салдарынан бұл мемлекеттерде прокатты ұйымдастыра алмадық. Десе де, ертең біз оларға кез келген жобамызды еркін алып бара аламыз.

– Сіз ресейлік және өзге мемлекеттердің қайраткерлерімен сөйлестіңіз. Егер дәл осы адамдар сізге бірігіп кино түсіруді ұсынса, жауабыңыз қандай болады?

– Әзірдің өзінде ұсыныстар бар. Қанша дегенмен туған еліңе бүйрегің бұрып тұрады. Дәл қазір киноны Қазақстанда түсіруімізге көрермендерімізге деген махаббатымыз себепші болып тұр. Біз оларды жоғары бағалаймыз. Жуырда танымал ресейлік продюсер бірігіп фильм түсіруге ұсыныс жасады. Мұның қаншалықты жақсы немесе жаман екенін білмеймін. Тіпті, жұрттың қалай қабылдайтындығы туралы айта алмаймын. Қазақстанда фиьм қанша табысты болса да, бұл жерде ақша табу қиын. Бір шетінен кинотеатр мен халық саны аз. Сол себепті, киноны Ресейде түсіреміз деп жоспарлап отырмыз.

Елімізде кинематографтарға арналған ешқандай жеңілдік жоқ. Біз де ел қатарлы салық төлейміз. Желтоқсан айында қазақстандық көрермен үшін тағы бір фильм түсіретініміз анық. Ары қарай фильмді шетелде түсіруге мәжбүр болып отырмыз. Біз мемлекетімізге керек болмасақ, жерге жатып алып, бізді қолдамады деп жылаудың еш пайдасы жоқ деп ойлаймын. Ары қарай жетілуіміз керек. Ал жетілу үшін көптеген қаржы қажет екенін жақсы білеміз. Туындыларымыз үйде аса қызық болмаса, бақытымызды басқа мемлекеттен іздейміз.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың анасы телеэфир тізгінін ұстады

Әнші Ренат Басит қызтекелердің кесірінен желідегі парақшасын өшіріп тастамақ

Кәмшат Жолдыбаева өзіне ұқсайтын арулар арасында байқау жариялады (фото, видео)

Аша Матайдың әкесі бажасын түрмеден шығаруға көмектесетінін айтты

Талқылау