Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай мәдениетсіз қазақтар үшін шетелдіктерден ұялғанын айтты

Америкадан оралған Нұртас Адамбай санаға ой саларлық әңгімесімен бөлісті. Ол шекарада басынан өткерген хикаясын баяндап, мәдениетсіздік танытқан қазақтар үшін шетелдіктерден ұялғанын жеткізді, деп жазады Stan.kz.

“Отаныма оралдым. Ұшақтан түсе сала Қазақстанда екенімді не нәрсе еске салар екен деп ойладым… Әуежайдан шыға берісте тұратын «жабысқақ» таксишілер болар деп күттім. Бірақ оған дейін жетпедім.

Құжат тексеретін жерге келіп, кезекке тұрдым. Бір кезде екі адамды кезексіз өткізіп бара жатқан қарапайым киімдегі тақыр басты азаматқа көзім түсті. Шекарашыларға да, кезекте тұрған жандарға да пысқырып қараған жоқ. Ал өзі ешқандай құжат көрсетпестен, мемлекеттік шекара арқылы өтіп кетті. Оның «қарамағандағылар» мәз-мейрам болып терезеге жақындады.

Шынымды айтсам, екі адамның кезектен тыс өткені соншалықты көңілімді түсірген жоқ. Бәрібір жүгімізді бірге күттік. Былай қарасаңыз, ұсақ нәрсе. Бірақ! Біріншіден, бұл мемлекеттік шекара! Ал екіншіден, рейс халықаралық болатын! Яғни жолаушылар арасында көрген-білгеніне қарап біздің елге баға беретін шетелдіктер де бар. Сонда олар біз туралы не ойлайды? Тіпті, кезекке тұра алмайтын халық деп ойлай ма? Онсыз да біздің әуежай автовокзалға ұқсайды.

Ақырында шекарашыдан екі азаматты өткізіп жіберуінің себебін сұрадым. Мүмкін расында бұл екі кісі елден ерекше шығар? Бірақ жас маман «бұйрықтың талқыға түспейтінін» айтты. Анығырақ түсіндіріп беруін өтіндім. Ол өзінен лауазымы жоғары қызметкерді шақырды. Погон таққан әйел келді, бірақ ол да жауап бере алмады. «Ал өте беріңіздер» деумен шектелді.

Достар, пысықтығымызды осындай арзан күйде көрсетуді қашан доғарамыз? Барлығымыз ұстануға тиісті ережелер бар. Оның үстіне, бұл мемлекеттік шекара. Шекарадан оңай өте салған әлгі адам кім болды екен, сол қызық болып тұрғаны”, – деп жазды кинорежиссер желідегі парақшасында.

Прилетел домой. Выхожу из самолёта и думаю: что же первым мне напомнит о том, что я уже в Казахстане? Ставил на назойливых таксистов у выхода из аэропорта. Но не тут то было! Подхожу к паспортному контролю, встаю в очередь. И тут какой-то безволосый мужчина в обычной гражданской одежде проводит двоих людей без очереди, не обращая внимания на пограничников и ожидающих пассажиров. Сам он проходит без предъявления документов через государственную границу. Его “подопечные” с довольными улыбками подходят к окошкам. Честно говоря, меня не сильно напрягало, что 2 человека прошли без очереди. Все равно багаж ждали вместе. Казалось бы мелочь. Но! Во-первых. Это государственная граница! Во-вторых, рейс был международный. Среди пассажиров были и иностранцы, которые на основании увиденного судят о нашей стране . Что они подумают о нас? Что мы даже в очередях стоять не умеем? У нас и так аэропорт больше на автовокзал похож. В общем, решил я обратиться к пограничнику и спросить на каком основании он пропустил этих людей. Может на самом деле это были какие-то особенные лица? Но молодой сотрудник заявил, что он “не может обсуждать команды”. То есть ему кто-то приказал пропустить? Я попросил дать более внятный ответ. Он позвал старшего сотрудника. Подошла женщина в погонах, которая так же не смогла дать ответ. Она лишь сказала: “ну проходите”. Друзья, когда мы избавимся от этих дешевых проявлений ушлости? Ведь есть правила, которые созданы для того чтобы их соблюдать. Тем более что это государственная граница! Интересно, кем является тот человек в джинсовой куртке, который так беспрепятственно перемещается через границу?

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay)

Жіберіп алмаңыз:

Актер Әнуар Нұрпейісов қалыңдық іздеп жүр

Орысша ән айтқан Сәкен Майғазиев көпті таңғалдырды (видео)

Досхан Жолжақсынов жарына арнап Төреғалидің әнін шырқады (видео)

Сиви Махмуди Ернар Айдардың құпиясын ашып қойды

Талқылау