Нұртас Адамбай елге «жұбайын» көрсетті (фото)
Режиссер, продюсер әрі актер Нұртас Адамбай қызықты фотосымен елді ду күлкіге қалдырды.
Ол «Келінка Сабина» кинофильміндегі басты рөлдегі өзі сомдаған образ бен өзінің суретінен отбасылық портрет жасап, желіде жариялады.
«Отбасылық бақытты жұп», – деп жазды ол жариялаған суретінің астына.
Желі оқырмандары Нұртастың бұл қалжыңына әбден күліп алды.
«Екеуі бір-біріне ұқсайды екен», «Шығармайтыныңыз жоқ», «Мінсіз жұп», «Нағыз актер», «Керемет», «Әйелі мен күйеуі қатты ұқсайды екен», «Бақытты болыңыздар», – деп қалжыңдады Адамбайдың көрермендері.
Кейбіреулері тіпті, Нұртасқа «Оскар сыйлығын алмаған актер» деп баға берді.
Жіберіп алмаңыз:
Режиссерлер айқасы: Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовтің ұсынысына қарсы шықты
Адамбай түсірілім кезінде жақпай қалған актерлерге ортаңғы саусағын көрсететінін мойындады
Нұртас Адамбай неліктен үнемі көңілі толмай жүретінін түсіндірді
«Тараз» кинофильмі халықаралық фестивальде екі бірдей аталымды жеңіп алды (фото)