Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай Баян Мақсатқызын қолдады: Жігіттер, Баян сіздерге соншама не істеп қойды?

Нұртас Адамбайдың “Тараз” фильмін көргеннен кейін Баян Мұхитденова кино әлеміне қайта оралғысы келетінін айтты. Алайда Баянның әлеуметтік желісіне жазылған ыза мен кекке толы пікірлер Нұртастың ашуын туғызыпты.

IMG_0042-723x482_c

Актер және режиссер Адамбай, кино әлеміне оралғысы келетіні үшін Баянды жазғырған оқырмандарға таңқалып қараған.

“Мен әртүрлі адамдардың пікірлерін оқып шықтым, арасында ер адамдар да, әйелдер де бар. Шынын айтқанда неге олай жазғандарын түсінбедім. Адамдар, сіздерге не болған? Осындай ыза-кек сіздерде қайдан пайда болған? Осыншалықты табалайтындай өмір сіздерді сонша ренжітті ме? Жарайды, кей әйелдер өмірлеріндегі кейбір жайсыздықтарға ренжіп, ашуын осылай әлеуметтік желіден алып жатады. Бірақ, жігіттер?! Сізге Баян не істеп қойды? Мен Баянмен бұрыннан таныспын. Оның қайсар әйел екенін бәріміз білеміз. Бірақ ол – әйел. Мұндай жексұрын әрекетке бармас бұрын ойланып алыңыздар! Егер сіздер ол қауқарсыз әйел деп ойласаңыздар қателесесіздер. Оны қорғауға дайын елімізде жігіттер қауымы өте көп! Солардың бірі – мен!”, – деп жазды актер Фейсбук желісіндегі парақшасында.

Осылайша, Нұртас Адамбай “жігіттер, жігіт болып қалыңыздар” деп кеңес береді. Ол жақында ғана көпшілік назарына “Тараз” киносын ұсынған еді.

 

Талқылау