Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай балалар ауласының жанында кальян ұсынған кәсіпкерлерге ренішін білдірді

Белгілі кинорежиссер Нұртас Адамбай Шымбұлақтағы мейрамханалардың біріне өкпелеп қайтты. Ұлымен бірге таза ауада серуендеуге барған ол жағымсыз жайттың куәсі болған.

нуртас адамбай92

Айтуынша, мейрамханалардың бірінде балалар ауласының жанында келушілер кальян шегіп отырған.

«Құрметті Шымбұлақтағы мейрамхананың иелері, басшылары (Атауы есімде жоқ, Онда «КСРО» кәуабын әзірлейді). Бұл сіздердің кәсіптеріңіз екенін жақсы түсінемін, қазір ешкімге де оңай емес. Бірақ кальяндарыңызды балалар ауласынан аулақ жерге алып кетіңіздерші. Ересектер өмірлерін улап жатқан затпен балалардың да уланғанын қаламаймын. Кальян шегетіндерге бөлек орын әзірлеп қойсаңыздар деймін. Өткен демалыста ұлыммен бірге сіздердің қонақтарыңыз болдым. Балалар ауласынан жарты метр қашықтықта келушілер кальян шегіп отыр. Жалпы қоғамдық ортада кальян шегуге рұқсат па? Кім біледі?» – деп жазды Адамбай желідегі парақшасында.

Желі оқырмандары режиссердің пікірін қостап, сұрағына жауап берді. Олар кальян шылымын қоғамдық орындарда шегуге әлдеқашан тыйым салынғанын айтты. Алайда заңсыздыққа жол берген кәсіпкерлер халықтың денсаулығынан өз қалталарын артық қоятын көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” тобы халық әнін орындап айды аспанға бір-ақ шығарды (видео)

Төреғали Төреәлі мультфильм түсіруді жоспарлап жүр

Қайрат Нұртас пен Филипп Киркоров Алматыда бірігіп концерт бермек

Майғазиев пен оның жұбайының ортасына тұрып алған Ахмадиева сынға қалды

Талқылау