Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай Атырауда өлтірілген иттерді көріп жағасын ұстады

Нұртас Адамбай Атырау облысы әкімдігіне өз шағымын жолдады. Атырау көшелерімен серуендеген ол өлтірілген иттер тиелген жүк көлігін көріп жағасын ұстаған, деп хабарлайды Stan.kz.

адамбай ит туралы_1

«Атырау облысының әкімдігіне жолдамын. Мына бассыздықты тоқтатыңыздар! Біз әрбір тірі жанға махаббатпен, мейірімділікпен, адамгершілікпен қарау бірінші кезекте тұратын заманауи әлемде өмір сүріп жатырмыз! Ұлттың ұлылығы оның жануарға деген көзқарасына қарап бағаланады. Тірі жанға осылай жасайтын біз бір хайуан емес шығармыз. Ит – адамның ең сенімді серігі. Мұндайға неге жол бересіздер? ЭКСПО-ның 4 миллионынан бір үзім бөліп, жануарларды өлтіруді тоқтатыңыздар. Мұның бәрін біздің балаларымыз көріп отыр. Мынадай көріністен кейін олардың санасында не болып жатыр десеңізші?

Биыл біздің қаншалықты заманауи екенімізді көрсету үшін еліміз құны өте жоғары көрме өткізейін деп жатыр. Ұлтымыз бен оның денсаулығы үшін қаншалықты алаңдайтынымызды көрсету мақсатында универсиада өткіземіз. Бірақ біз жай ғана адам болуды үйрене алмасақ, бұл шаралардан не пайда? Жалпы жануарларға деген көзқарасымызды тамырынан түзеткеніміз жөн деп санаймын.

Репост сұрамайтын едім, бірақ бұл жолы сұраймын. Атырау облысының әкімдігіне жетсін. Облыс басшысы араласса, жағдайдың өзгеретініне сенемін», – дейді Нұртас Адамбай.

Обращаюсь к акимату Атырауской области. Остановите этот беспредел! Мы живём в современном мире, где любовь ко всему живому, доброта, гуманность должны быть на первом месте! О величии нации судят по ее отношению к животным! Мы же не дикари какие-то чтобы поступать так с братьями меньшими. Собаки самые верные друзья человека. Почему вы допускаете подобное? Отпилите кусочек от 4 миллионного ЭКСПО забора и остановите убийство животных. Везут по городу трупы собак. Все это видят наши же дети. Что произойдёт в их сознании после такой картины? В этом году наша страна проводит очень дорогую выставку, чтобы показать всему миру какие мы современные. Мы проводим универсиаду, чтобы показать как мы заботимся о нации, о ее здоровье. Но какой толк от этих мероприятий, если мы ещё не научились быть просто людьми? Я считаю, что мы должны в корне пересмотреть своё отношение к животным! Редко прошу о репосте, но в этом случае прошу. Пусть дойдёт до акимата Атырауской области. Уверен, что если вмешается глава области, ситуация изменится! #неубивайтесобак

Фото опубликовано nurtasadambay (@nurtasadambay)

Жіберіп алмаңыз:

Әуелбекова мен Бақаева сахналық көйлектерін қайырымдылық үшін сатылымға шығарды (фото)

Көпшілік Роза Рымбаеваның кіші ұлын Ninety one әншісімен шатастырып алды (фото)

Жәния Джуринская Сахара шөлінен квадрациклмен жүріп өтті (фото)

Қайрат Нұртас сүйіктісіне халықтың алдында ұсыныс жасағысы келетінін айтып қалды

Талқылау