Нұртас Адамбай Әсел Сәдуақасованың фильмін қайталады деп сынға қалды
Нұртас «Тараз» фильмін таныстырғанда «режиссерға драма жанры жақпады» – деп сөккен еді көпшілік. Ал, «Я – жених» атты су жаңа комедияның алғашқы көрермендері Адамбайдың тың туындысына пікір білдіруге зауқы жоқ! Сонда қалжыңға құрылған картина көпшілікті күлдіре алмады ма?!
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Нұртас Адамбай күні кеше отандық шоу-бизнес пен кино саласында кәсібін дөңгелеткен өнерпаздардың басын қосып, «Я – жених» комедиясының жабық көрсетілімін өткізді.
Әріптес қыздың өтінішін орындау мақсатында, Тимур болашақ күйеуі ретінде оның ата-анасымен танысады. Алайда, бәрі жастардың жоспарындағыдай болмайды. Кенже қызын ерекше жақсы көретін әкесі жас жігітті сынақтың астына алады.
Қатал әкенің айла-тәсілі Тимурды әбден әбігерге салды. Ал, «Я – жених» комедиясы көрерменді күлдіре алды ма?
“Шынымды айтсам, кей кездері монологтары ұзақ болғандай көрінді”, – дейді «Rin’Go» тобының әншісі Әділжан Умаров.
“Айтпай-ақ қояйыншы! Нұртастың өзіне айтамын!” – дейді режиссер Асқар Бисембин.
“Сынның болуы заңдылық! Біздің кереғар пікірлерге етіміз үйренген. Бұл картина алғашқы туындымыз емес. Сондықтан да, біз барлығына дайынбыз. Мақсатымыз – көтеріңкі көңіл-күй сыйлау”, – дейді Нұртас Адамбай.
Ал көрермендер Адамбайдың жаңа кинокартинасын Әсел Сәдуақасованың “5 причин не влюбиться в казаха” фильміне ұқсатып жатыр. Адамбайдың өзі болса фильмді Әселден бұрын таспалағанын айтып, ақталып әлек.
Отандық киноиндустрияны тағы бір тың туындымен толықтырған «Я -жених» комедиясы бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында…
Жіберіп алмаңыз:
Сәби күтіп жүрген танымал бикештер (фото)
Түсіпбаева өзін айыптаған Бағым Мұхитденоваға жауап берді
Бірсарынды әрі қызықсыз: Мөлдір Әуелбекованың жаңа бейнебаяны қатал сынға ұшырады (видео)
Ділназ Ахмадиева “бақытты болмайсың” деп қарғағандарға жауап берді (фото)