Нұрсұлтан Назарбаев: Мен күн сайын латын әліпбиімен жазамын
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиінде хат жазып жаттығып жүр. Ол бұл туралы «Жаңа гуманитарлық білім» жобасының аясында қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарды таныстыру шарасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Біз қазақ тілін латын әліпбиіне аудара бастадық. Бұл жағдайға қатысты қоғамда үлкен пікірталастар болды. Біз халықтың пікірін тыңдадық. Ғалымдардың, мамандардың, лингвистердің ұсыныстарын жинадық. Бұл біздің халқымыз үшін өте маңызды, теңдесі жоқ оқиға болып табылады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерге де тоқтала кетті. Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алуы алғашқы жетістік екетін айтты. Елбасы екінші жетістік деп мемлекеттің жаңа орталығының Астана қаласының салынуын атады.
«Үшіншісі, тәуелсіз мемлекет ретінде ешкімнің ықпалысыз-ақ, егемен мемлекет өзінің әліпбиін, жазбасын таңдады. Әр елде осындай оқиға маңызды және ұмытылмас деп саналады. Біз мұны тіліміздің дамуы, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік көшбасшылардың қатарына енуі үшін жасадық. Біз бүгінге дейін осындай шешім қабылдадық. Біртіндеп жаңа әліпбиді енгізу керек. Мен күн сайын жаңа әліпбимен Абайдың сөздерін, өз ойларымды жазамын. Менің ойымша, бұл қиын емес», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Оқи отырыңыз:
Назарбаев: Мешітте намаз оқу үшін де білім керек
Қуан, қазақ: Баландин Испания біріншілігінде үшінші алтынға қол жеткізді
Теңге құлдырап барады: Ақшаны қай валютамен сақтаған қауіпсіз