Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрпейісов сексуалдық бейімділігінің дұрыстығына күмән келтірген тележүргізуше жауап берді

Әнуар Нұрпейісов күні кеше жұртты шулатқан тележүргізушінің жазбасына қатысты пікір білдірді. Динара Сәтжан актердің сексуалдық бейімділігінің дұрыстығына күмән келтірген болатын.

ипра

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қазақстан аруы – 2016” байқауының айналасындағы дау әлі күнге дейін толастар емес. Ал даудың басы Әнуардың кітаптар туралы сауалынан басталған еді. Астаналық бойжеткен Елназ Нұрсейітова оның сұрақтарына “жауап берді”.  Алайда әділқазы алқалар қатарында отырған Әнуарды бұл жауап қанағаттандырмады. Артынша байқау біткен соң, актер қазақ қыздарын бес тонна бояу мен жасанды кірпіктен бас тартып, білім қууға шақырды.

“Қыздар, жетер! Бұл ұмтылуға лайық дүниелер емес. Бүгін екінші мәрте әділқазы алқасы болдым. Соңғы рет болып отырмын деген үміттемін”, – дейді Әнуар.

Актердің бұл әрекетіне қатысты тележүргізуші Динара Сәтжан өз пікірін білдірді. Ол Әнуарға ақылды қыздарды кітапханадан іздеуге кеңес беріп, оның сексуалдық бейімділігінің дұрыстығына күмән келтіруі мүмкін екенін тілге тиек еткен болатын. Осы орайда, мұндай пікірді Нұрпейісов те жауапсыз қалдырмауды жөн көрген екен.

“Және – ақыл-парасат. Динара Сәтжанның фейсбук желісінен “Әнуар суперақылды қыздар іздесе, кітапханаға барсын. Мұндай сұлулық байқауларына келмесін. Байқау текке сұлулық деп аталып тұрған жоқ! Әйтпесе біз оның сексуалдық бейімділігінің дұрыстығына күмән келтіретін боламыз” деген жазбасын оқыдым. Олай болса, ұйымдастырушылар мен Динараға сұрағым бар: “Әділқазы алқаларынан сұрақ” айдарын жүргізудің не қажеті бар?

Қыздар шығып, жай ғана үнсіз тұрсын. Динара Сәтжан, мен сұлулық байқауына қыз іздеп емес, оларды тек бағалау үшін барамын. Менің сексуалдық бейімділігім сіздің назарыңызға іліккен екен, оған бола алаңдаудың қажеті жоқ.  Қымбатты, менің ақылдыларым! Бұл тақырыптың сіздерге әбден жауыр болғанын білемін. Десе де, шыдамдылық танытуға дайын болыңыздар. Шоу ары қарай да жалғасады”, – дейді Әнуар Нұрпейісов.


Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай «Қазақстан аруы» байқауына қарсы шықты

Актриса Бибігүл Ақтан шаңырақ бейнеленген патриоттық татуировкасын көрсетті

Салтанат Қалиева: Балаларым «тамақ» деп жылағанда не дерімді білмеген күндер көп болды

Ұлықпан Жолдасовтың шын есімін білген желі оқырмандары таңғалып қалды

Талқылау