Нұрлан Еспанов: Күлкі емдейтін болса, мен ешқашан өлмейтін шығармын
Нұрлан Еспанов отандық бағдарламалардың бірінде үнемі көңілді жүруінің себебін түсіндірді. Мұнымен қатар, әнші мұңаятын сәттерінің болатынын да жасырмады.
Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.
– Үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүруіңнің себебі неде?
– Жалпы күлу үшін де орта қажет. Оның ішінде міндетті түрде күлдіре алатын адам болуы тиіс. Өмірімде күле алмайтын адамдарды кездестірдім. Біздің ортамыз қуанышқа толы болғандықтан, үнемі күліп жүреміз. Достармен жолыққан сайын әзілдесеміз. Өзің жалпы бір жаққа барып жөнсіз әзілдесе бермейсің ғой. Жұрт есінен адасайын деген екен деп ойлап қалуы мүмкін. Меніңше, күлкінің де түрі болады. Жаңа аурухана туралы айтып жатырсыздар. Аурухананың да екі түрі бар. Ақша төлеп баратын және тегін баратын. Біреуі үкіметтікі, екіншісі жекеменшік. Кейінгісінде барлығы күліп жүреді екен. Мен соны байқадым. Кей тойдан арқамыздан қағып шығарып салады. “Нұреке, жақсы орындадыңыз” деп бензинге де ақша бермей қояды. Ол кезде күле алмайтының анық.
– Үйіңдегі келіннің мінезі өте салмақты, салиқалы екен. Бос жымиғанын да көрмейсің. Қалай бір қазанға бастарың сыйып жүр?
– Бір қуанатыным, маған “қайда жүрсің?”, “қашан келесің?” деген сұрақтар қоймайды. Оның менің сұрақтарыма жауап бергенше шыдамым жетпей кетеді. Көп күте алмаймын. Әйтеуір, маған сондай келіншек тауып берді. Тіпті, бала тербеткен кезде ән айтпайды. Балам сол шешесіне, қызым маған тартқан. Бізге бар болса да, жоқ болса да, күліп жүруді үйреткен. Әкем дәл осындай көңілді адам еді. Менің де қайғыратын кездерім болады. Оны ешкімге көрсеткім келмейді. Күлкі емдейтін болса, мен өлмейтін шығармын.
Жіберіп алмаңыз:
Актер Азамат Сатыбалды жеке театрын ашты
Сот Бақытбек Есентаевтың үкімін қайта қараудан бас тартты
Димаш финалдың алғашқы кезеңінде 2-орын алған
Айгүл Иманбаева 18 күнде алты кг салмақтан арылғанын айтып мақтанды

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
