Нұрлан Еспанов: Ата атанғаныма әлі күнге дейін сене алмай жүрмін

Өткен жылы Нұрлан Еспанов қызын чемпионға ұзатты. Ол әлі күнге дейін өзінің ата атанғанына сене алмай жүр екен.

17332295_375533742839853_6627693647980658688_n

Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтылды.

«Ерте үйленсең, ерте немерелі боласың. Ата атансам да, оның әсерін толық сезіне алмай жүрмін. Әдетте барлығы баланың тілі шыға бастаған кезде басталады. «Ата» деген сөзді естіген кезде сезінеміз бе деп жүрмін. Қуанышымда шек жоқ. Барлығына осы бақыт жұғысты болсын деймін. Барша қазаққа, қазақ жұлдыздарына жұғысты болғанын қалаймын», – дейді Нұрлан Еспанов.

Сазгер немересінің есімін өзі қойыпты. Мұнымен қатар, жуырда бесік тойдың болатынын айтып қалды. «Қызымның ұлын Әлихан деп қойдық. Алдағы уақытта тағы да бір тойға барғалы жатырмыз. Осы бесік той барлығына жұғысты болсын», – дейді сазгер.


Жіберіп алмаңыз:

Медеу Арынбаев: Бізде Димаш сияқты жастар көп, бірақ оларды қолдамайды

Меруерт Түсіпбаева әншілерді аттестациядан өткізіп тұруды ұсынды

Желі оқырмандары Баян Есентаевамен суретке түскен әртістерді сынап тастады (фото)

Анасы: Димашты “мен таптым” деп мақтануға қазағымнан қорқамын

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр