Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Еспанов 50 мың теңге үшін алып жыланды мойнына іліп алды

Нұрлан Еспанов бала кезінде жыланнан, ал бүгінде қараңғыдан қатты қорқатынын айтып берді. Орта жастан асқан әнші әрі композитор әлі күнге дейін жарықты сөндірмей ұйықтайтынын мойындады.

айел бакыты еспанов

Фото: “Әйел бақыты” бағдарламасынан скриншот

Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Бағдарламаның бұл саны фобия тақырыбына арналды.

«Кішкентай кезімде жыланнан қорқатынмын. Өйткені көршінің жертөлесіне жыланның кіріп кеткенін көріп қойғаным бар. Ұйықтамайтынмын. Содан бір күні анам мені алдады. Жыртқыштың қырық бөлікке бөлініп, өлтірілгенін айтып берді. Кейін «Фобия» деген бағдарламаға қатысқанымда үстіме бір бөшке жылан құйып тастады. Көзімді жұмып жата бердім. Сөйтіп жатып кілттерді таптым. Кейіннен теледидардан өзімді көрген кезде қатты қорықтым. Одан бөлек, жалғыздықтан, қараңғыдан қорқамын. Жарықсыз жата алмаймын», – деп түсіндірді Еспанов.

Ләйлә Сұлтанқызы композиторды бәстесуге шақырды.

Ортаға жол сөмкесін алып шығуды өтінген тележүргізуші оны Еспановқа аштыртты. Шабаданның ішінен алып жылан шықты. Оны көрген композитор сескеніп, бірден артқа қадам жасады. Қол-аяғы дірілдеп, тіпті, терлеп кетті. Ләйлә Сұлтанқызы Еспанов улы жануарды мойнында 1 минут ұстап тұрған жағдайда 50 мың теңге көлемінде ақша беретінін айтты.

Алғашқыда келіспеген Еспанов психолог Венера Телжан жүргізген кішігірім жаттығудан кейін көнді.

Ақырында көңілденген композитор: «Бұлай 50 мың теңге беретін болсаңдар, мойныма адамды да, жалпы кез келген нәрсені асып тұра беремін ғой», – деп қалжыңдады.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек

Ақбота Керімбекова өзі асырап-баққан күйеулері туралы айтып берді

Мөлдір Әуелбекова ұлды болды

Дәулет Тұрлыхановтың есімін пайдаланған адам 91 тобы үшін Ерболат Беделханға сес көрсетті

Талқылау