Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Әлімжан “жас келіншегі үшін балаларын тастап кетті” дегендерге жауап берді (видео)

Белгілі актер Нұрлан Әлімжан халықтан өзінің жеке өмірін талқыламауды өтінді. Әлімжан әйелімен ажырасқанымен, балаларына әркез қамқорлық танытанынын ашып айтты. Сондай-ақ, жуырда жарық көрген “Қоштасайық” атты әнін бұрынғы әйеліне арнағанын мойындады.

нурлан алімжан-030317

Бұл туралы ол “Астана” арнасының “Сырласу” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Мен бұл жерге отбасым туралы немесе өткен өмірім туралы сырласуға келген жоқпын. Өйткені халық менің отбасым немесе әйелім арқылы емес, Нұрлан ретінде өнерім арқылы таниды. Кином, әнім, сазгерлігім… Сондықтан да әрбір құрбандыққа менің өзімді, өнерімді ғана шалыңыздар. Менің әйелім мен бала-шағамда ешқандай жұмысы болмаса екен деген тілегім бар.

Өйткені кімнің басына не келетінін бір Құдайдың өзі ғана біледі. Қазір  бақытты боп, біреудің өмірін талқылап отырады.

«Президенттің рөлін ойнапты ғой, байығаннан солай жасапты немесе ойбай, баласын тастап кетіпті» дегенді, өтінем сіздерден, доғарсақ деген өтініш. Өйткені Алла Тағала сол жазып жатқан адамның өзінің алдынан ертесі күні-ақ… қалай аспаннан аяғын келтіретінін бір Аллаға мәлім. Өйткені Алла құдіретті.

Ал бұл – менің өмірім, менің құпиям, менің тағдырым. Мен одан құтырып, керемет болып, асып-тасып кеткім келмейді. Ал кімнің басына не беретінін оны Құдай ғана біледі.

Балалар жайлы айтар болсам, балалар туралы мүлдем сөз қозғамауларыңызды сұраймын. Өйткені балалар – менің ұрпағым, менің қаным, менің жалғасым. Оларға мен өзімнің әкелік материалдық тұрғыдан, рухани болсын, имани тұрғыдан болсын, өзімнің берерімді беріп жүрмін. Барлығы уақыттың еншісінде.

Ал жарымыз жайлы айтатын болсақ, “Қоштасу” әнін жарыма арнадым. Ол балаларымның анасы, мен үлкен құрметпен қараймын, өзінің ойы, көзқарасы, принципі бар, жақсы жан. Бірақ екеуміздің ойымыздың бұл жерде… Балаларды тастап кетті деген әңгіме жоқ бұл жерде. Ондай өтірік сөзді ойдан шығарыңыздар. Ажырасса баласымен ажыраспайды, өзінің жарымен ғана ажырасады. Осыны шатастырмаңыздар”, – деп мәлімдеді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек анасының жолын қуып бағдарлама тізгінін ұстады (видео)

Қайрат Нұртастың “тозаққа баратын 10 мың теңге” туралы әңгімесі жұртты тәнті етті

Әкесінің қаза болғанын жария еткен танымал тележүргізуші көптің жүрегін елжіретті

“Singer” жобасында алғашқы эфирден бері Димашпен бірге небәрі 2 әнші қалған (видео)

Талқылау