Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрболат Абдуллин ата-анасына тіл тигізген тыңдарманына ұрсып тастады (фото)

Былтырғы жылы “хитмен” әншілердің қатарына қосылған Нұрболат Абдуллиннің басы дауға қалды. Алматыға ата-анасының келгенін қуана жеткізген әншіге тыңдармандары жағымсыз пікірді қарша боратқан. Олар Нұрболатты “анаңа құндыз тон алып бермедің” деп сөккен, деп хабарлайды Stan.kz.

“Алматыға келмегеніне әкеме 20, анама 40 жыл болыпты. Баласына, абыз Алатауға деген сағынышын басып жүр. Қуанғандарына қуаныштымын!” – деп қуанышымен бөліскен Нұрболаттың көңілі аз уақыттан кейін су сепкендей басылды. Себебі бірқатар желі оқырмандары ата-анасына қымбат киім алып бермегені үшін әншіні сөгіп тастады.

“Нұрболат, анаңа басына, үстіне норка кигізсеңші, әкеңе де көртесінің жеңі үлкен екен. Оны айтты деп ренжіме, сырт көз сыншы демекші”, – деп пікір білдірді оқырмандардың бірі. Ашуға мінген Нұрболат:

“Адам қадірін киіммен өлшейтініңіз көрініп-ақ тұр. Сізге де айтарым бар, менің парақшамды оқымай-ақ қойшы”, – деп жауап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Ердос Қанаев жоғалтып алған әйелін 5 жыл дегенде әрең тапқан

Айдана Меденованың туған әпкесі шоу-бизнеске қадам басты (видео)

Алтынай Жорабаева: Сәбитпен араласпаймыз, бақытты болсын

Сейдуалиева: Шоу-бизнестегі мақтаншақтық пен ысырапшылдық үшін ұяламын

Талқылау