“Нұр-Мұқасанның” жігіттері қайта татуласты
Мұқасан Шахзадаев күз айында жаңа жинағын жарыққа шығармақ. Онымен қоса бейнебаян таспалауды да ұмыт қалдырмаған екен.
Бұл туралы әнші Hit TV арнасына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Stan.kz.
“Нұр-Мұқасан” тобының жігіттері татуласты. Жылдар бойы достықпен атқарылған жұмыс жолда қалмаған сыңайлы.
“Уәде бере алмаймын. Десе де, өмірде барлығы мүмкін ғой. Бірге шығып қалуымыз да мүмкін. Ең бастысы, қазіргі таңда мен жеке шығармашылығыммен айналысып жатырмын. Мұнымен қатар, “Нұр-Мұқасан” тобының шығармашылығы да жалғасуда. Өзімнің жеке әндерімді көбейтудемін. Алла бұйырса, күзге қарай күйтаспамды шығарып, үлкен бір жаңалықтарға қол жеткізсем деген ойым бар. Ең ұтымды, халыққа ұнаған әнге бейнебаян түсіретін боламын”, – дейді Мұқасан мырза.
Жуырда әнші өнердегі ағасы Жеңіс Сейдолламен бірігіп дуэт жазыпты. Әннің тұсаукесерін Марат Сақатовты еске алу кешінде жасаған.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді
“Әлем миссисі-2017” байқауына Қазақстан атынан 31 жастағы Камилия қатысады (фото)
Ерке Есмахан ұлының әкесімен кездесуіне рұқсат берді
Бейтаныс еркекпен секіріп би билеген Ерке Есмахан желіні шулатты (видео)