Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нумерологтан болжам: 2020 жылы отау құратын жастардың шаңырағы берік болады

Алда екі 20-дан тұратын ерекше жыл келе жатқандықтан осыған қатысты нумерологтарды сөйлетуді жөн көрдік. Олар келер жыл­ға қандай болжам айтуда? Бұл туралы нумеролог Әйгерім Жұмағұловадан білген  едік, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Замана" басылымына сілтеме жасап. 

нумеролог

"2020 жылдың саны – 4. Яғни барлық санды қосқанда 4 шығады. Бұл сан шыдамдылыққа, төзімділікке, тұрақтылыққа, денсаулыққа жауап береді. Сол себепті осы жылы отау құратын жастардың шаңырағы берік, некесі тұрақты болады. Халыққа тұрғын үйге байланысты түрлі бағдарлама ұсынылып, көпшілік жұрт баспаналы болып, елдің жағдайы біраз тұрақталады.

Медицина, спорт салаларында жақсы жаңалықтар болуы мүмкін. Сондай-ақ адамдар курстарға қатысып, көбіне рухани дамуға мән бере бастайды. Өздерін басқа бір қырынан көрсетуге күш салады. Олар қызметте жоғарылау, белгілі бір кәсіп түрін бастау жағына көбірек көңіл бөлетін болады. Яғни бұл жылы көп адамдардың еңбекке құлшынысы артады.

Көптеген жан жұмыс ауыстырады, жаңадан іс бастайды немесе екі-үш жұмысты қатар алып жүруі мүмкін. Бірақ 2020 жыл – нағыз еңбектің жылы. Бір істі бастап алып, «істейін бе, істемейін бе» деп ойланып жүруге болмайды. Тынбай еңбектене білгендер ғана мансабын өсіру жолында жақсы нәтижелерге қол жеткіз­бек.

Осы жылы адамдар тек іс бастағанда емес, отбасын құрғанда да, жалпы, не нәрседе болса да, барлығын алдын ала жоспарлап, ойластырып алғаны дұрыс. Аяқ астынан ше­шім қабылдап жасалған іс сәтсіздікке апаруы мүмкін. Сол сияқты дәл осы жылы біреуге ренжіп, ашумен жұмыстан шығып кетуден де абайлау қажет. Асығыс шешім қабылдаудан аулақ болу керек. Себебі бұл жыл кішкене ауырлау, қаталдау жыл",  – дейді Әйгерім Жұмағұлова.  

Сонымен қатар, нумеролог адамдарға алдағы жылы өз денсаулықтарына көбірек көңіл бөлу керектігін де айтып өтті.

"2020 жылы көлік апаты көп болуы мүмкін. Сондықтан адамдарға жол ережесін сақтап жүруге кеңес беремін. Негізі бұл жылы денсаулыққа көбірек мән беріп, спортпен айналысқан дұ­рыс. Балаларды да мейлінше спортқа баулыған жөн", – дейді ол. 

...Нумеролог жыл энергетикасының адамдарға әсері туралы осылай дейді. Есте сақтай жүрудің зияны жоқ.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ қызына ессіз ғашық болған кубалық: Сіздерден артық қонақжай халық көрмедім

Олар бастапқыда Кубада қалуды жөн көрген

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін төлем көбейтілмек

Енді бала санына шектеу болмайды

Коронавирус тараған Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме? Дәрігер жауап берді

Соңғы рет 54 адам көз жұмды

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан
Çàãðóçêà...