"Ақымақ болмасаң, аузыңды жап": Нумеролог Клара Күзденбаева танымал шоуменді жыныстық бағдары үшін кемсіткен
Фото: Stan.kz
Танымал жұлдызды нумеролог Клара Күзденбаева шоумен, продюсер Абдель Мұхтаровтың “гей” екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі тарап әлеуметтік желіде ашық айқасқа көшкен. Нумеролог шоуменнің ЛГБТ өкілі екенін жайып салды.
“Абдель, балам, қайда барасың маған бәрібір... Мен қартайдым, жасым 62-де. Балам қайтыс болғаннан кейін маған дүние бәрібір болып қалды. Ешкімде шаруам жоқ. Мен Қазақстанға келе жатырмын. Осы мәселені реттеймін. Ақымақ болмасаң, аузыңды жап”, – деп дөрекелік танытты Клара.
Алайда шоумен де қарап қалмады. Нумерологты ЮНЕСКО-ның психологына сай емес маман деп жауап қатты.
“Жыныстық көзқарасыма құрмет танытпай, кемсітіп отыр. Бұл ЮНЕСКО-ның психологына сай тірлік пе?! Мен осы мәселе бойынша аталған ұйымға шағым түсіремін. Оны халықаралық беделді ұйымының дипломынан айыру керек. Басқа мәселе жоқ. Менің сандарым осылай сөйлеп тұр”, – деді шоумен.
Фото: https://www.instagram.com/abdel_mukhtarov/
Айта кетейік, екі тарап бұған дейін жылы қарым-қатынаста болған. Дәлел ретінде продюсер өздерінің хат-алмасқан скриндарын жариялады. Нумеролог болашақта продюсердің үйлену тойына келуді жоспарлағаны белгілі болды. Сол кезде-ақ продюсер ЛГБТ белсендісі екенін ашық түрде мәлімдеген.

Қостанайда Ресей флотының мерекесі тойланды: Әкімдік шарадан хабарсыз болған
