Нумеролог Баян Есентаеваның сәбилі болуы мүмкін екенін айтты
Танымал нумеролог Клара Күзденбаева Баян Есентаеваның болашағын болжады. Ол танымал продюсердің 44 жаста сәбилі болуы мүмкін екенін айтып берді.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Былтырғы жылы бағдарламаға қатысып, шоу-бизнес өкілдерінің болашағын болжаған Клара Күзденбаева Баян Есентаеваның жеке өмірінде өзгеріс болады деп болжаған еді. Өздеріңіз куә болғандай, оның айтқаны дәл келді.
“Қателеспесем, биыл оның жеке өмірінде өзгеріс болады деп айтқан едім. Ал 44 жасында оның атағы аспанға бір-ақ шығады, дүниеге бала әкеледі және қоныс аударады. Сондықтан оның биікке өрлеуге мүмкіндігі көп. Әлі барлығы алда”, – дейді Клара Күзденбаева.
Нумеролог танымал продюсердің жаңа сүйіктісі туралы өз ойын айтты. Айтуынша, Тұрсынғали Алагөзов билеп-төстегенді ұнататын адам. Сол себепті Есентаева оған өз “әмірін” жүргізе алмайды.
“Баян өз сүйіктісін жақсы танып, онымен қалай қарым-қатынаста болу керектігін түсінген болар деп ойлаймын. Өйткені ол дана әйел, оның интуициясы жақсы дамыған және ақылды”, – дейді нумеролог.
Жіберіп алмаңыз:
Бағлан Әбдірайымов “Жігіттер” тобынан кете ме?
Танымал нумеролог Қайрат Нұртастың жеке өмірі туралы айтып берді