Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нүкенованың өліміне қатысы бар деп айыпталып отырған Бишімбаев пен Байжанов арасындағы хат жарияланды

Сотта Нүкенованың өліміне қатысы бар деп айыпталып отырған Бишімбаев пен Байжанов арасындағы хат оқылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Хатта Бишімбаев туысынан гастро-орталықтағы бейнебақылау камераларындағы жазбаларды өшіруді және Салтанат Нүкенованың заттарын алып кетуді сұрайды. 

2023 жылғы 7 қарашадағы Бишімбаев пен Байжанов арасындағы хат алмасу: 

Бишімбаев: жазбаның бәрін өшір
Бишімбаев: түндегінің бәрін өшір
Байжанов: жақсы
Бишімбаев: барлық гастроны өшір
Бишімбаев: өшір
Байжанов: жақсы, болды, өшіремін
Бишімбаев: қайт. Оның телефонын табу керек
Бишімбаев: Бақытжан
Бишімбаев: көлікте жейдесі
Бишімбаев: бар
Бишімбаев: жаңасын әкел
Бишімбаев: банкеттің бәрін болдырма
Бишімбаев: Қазақстан орталық концерт залына кіріп шық
Бишімбаев: онда кеше салтаның пальтосы қалды
Байжанов: жақсы
Бишімбаев: телефонын өшірме
Бишімбаев: үйге апар
Байжанов: жақсы

Айта кетейік, Бишімбаевтың қорғаушылары процестің кез келген уақытында одан жауап алуға рұқсат беруді сұрады. Зардап шеккен тарап оған қарсы болды. Десе де судья өтінішті қанағаттандырды.

Сонымен қатар судья сот отырыстарынан кейін әлеуметтік желілерде пікір білдіруге тыйым салу туралы өтінішті қанағаттандырды. 

Сонымен қатар сот отырысы барысында Бишімбаевты қорғаушы тарап куәгерге қойылған сұрақтарға ашуланды.

"Кісі өлтірілгеннен кейін", "кісі өлтірілген сәттен бастап" деген сөздер жиі қолданылып жатыр. Кісі өлтіру әлі дәлелденген жоқ. "Өлім күні" немесе "оқиға болған күні" деп айтуға болады", - деді экс-министрдің адвокаттары.

Талқылау