Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нүкенова бас-ми жарақатын алғаннан кейін шамамен 6-8 сағат өткен соң көз жұмған

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сараптама қорытындысы айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы сот скрин

Зардап шеккен тараптың адвокаттары Нүкенованың мәйітіне жасалған сараптаманың нәтижесін толық сипаттамасымен оқыды.

"Олар Салтанат Нүкенованың өліміне әкеліп соқтырған жабық бассүйек-ми жарақатын тудырған сыртқы жанасу жарақаттары ретінде қарастырылады. Көрсетілген жарақаттар жәбірленушінің бас аймағына шамамен 12-13 рет қайталанатын соққы алғанын көрсетеді. Нүкенованың өліміне әкеп соқтырған жабық бассүйек-ми жарақатын құрайтын жарақаттар кешеніне кіретін мәйіттің басы аймағында анықталған дене жарақаттарының шектеулі мөлшері мен сипаты ескерілді. Травматикалық нысанда шектелген контрактивті беті бар қатты, доғал заттардың параметрлері болады. Травматикалық зат ретінде жұдырық пен аяқ киімге ұқсас сипаттамаларға ие. Осыған байланысты, айыпталушы Нүкенованы жұдырықпен ұрып, аяқ киімімен теуіп, жабық бас-ми жарақатын салған. Бұл сот залында нақтыланды", - деді заңгер-кеңесші.

Сараптама қорытындысына сәйкес, Салтанат Нүкенова бас-ми жарақатын алғаннан кейін шамамен 6-8 сағат өткен соң көз жұмған.

Осылайша сот-медициналық сараптамның нәтижесі бойынша Нүкенованың құлау кезіндегі соққыдан қайтыс болғаны жоққа шығарылды. 



Қорытындыны зардап шеккен тараптың заңгер-кеңесшісі Әлия Омарова айтты.

"Нүкенованың мәйітіне сараптаманың қорытындысында жәбірленушінің құлап зардап шеккені анықталмады. Жабық бассүйек-ми жарақатынан басқа кейбір жарақаттар адамның өз өзінен құлауынан болуы мүмкін, бірақ барлық жарақаттардың өздігінен бір рет құлауынан пайда болуы жоққа шығарылады", – деді Әлия Омарова.

Нүкенованың мәйітін қарау кезінде сипатталған бас аймағындағы барлық дене жарақаттары қатты доғал заттардың жарақаттануынан болған, сондықтан жәбірленушінің бірнеше рет құлауынан болуы мүмкін емес дейді. 

Еске салайық, Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев күдікті деп танылған Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі жалғасуда.

Бұған дейін зардап шегуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова сарапшылар Нүкенованың өлімінің себебін жариялаған сот-медициналық сараптаманың қорытындысын мәлімдеген болатын. 

Талқылау