Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ноттингем Форест” тоғыз ойыннан кейін алғаш рет жеңіске жетті

Фото:“Ноттингем Форест” фк

Ағылшындық “Ноттингем Форест” өз алаңында Португалияның атақты “Порту” клубын қабылдап, тартысқа толы кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақапарат агенттігі хабарлайды.

Бұл нәтиже — команда үшін соңғы тоғыз матчтағы алғашқы жеңіс әрі жаңа бас бапкер Шон Дайчтың тұсындағы алғашқы жетістік болды.

Топтық кезеңнің үшінші турындағы бұл жеңіс “Форестке” маңызды үш ұпай сыйлап, жанкүйерлердің сенімін қайта оятты.

Матчтан кейін жартылай қорғаушы Морган Гиббс-Уайт өз әсерімен бөлісті.

“Ақыры тыныстап қалғандай болдым. Тоғыз ойын бойы жеңіске жете алмай келдік, сондықтан бүгінгі нәтиже ерекше қуантты. Жаттықтырушы алғаш келген күні: "Өткен маусымда сендердің ойындарыңның өз жүйесі бар еді, соған қайта ораламыз", — деді. Ойын кезінде жанкүйерлердің де рухы көтеріліп, стадиондағы энергия басқаша сезілді. Бұл — бапкердің еңбегі, — деді Гиббс-Уайт. 

Айта кетейік, 54 жастағы Шон Дайч 21 қазанда Ангелос Постекоглудың орнына тағайындалған еді. Ол бұған дейін "Эвертон" клубын басқарған. Бапкер ливерпулдық ұжымнан 2025 жылдың қаңтарында кеткен.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 27 Қазан, 2025 11:38
Талқылау