Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ноттингем Форест" күтпеген жеңіліске ұшырады: "Мидтьюлланд" сенсация жасады

Фото: Getty Images

Еуропа лигасының екінші турында Ноттингем Форест өз алаңында Мидтьюлландқа 2:3 есебімен есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл турдың басты тосынсыйларының бірі болды — турнир фавориті саналатын ағылшын клубы Дания өкіліне қарсы ұтылып қалды.

Бірінші таймның алғашқы жартысында-ақ үш гол соғылып, есеп алма-кезек ауысты. 18-минутта дат командасының қорғаушысы Усман Дяо айып соққысынан кейін есеп ашты. Көп ұзамай Дан Ндойе есепті теңестірсе, тағы екі минуттан соң Мадс Соренсен бұрыштамадан соққан голымен қонақтарды алға шығарды.

88-минутта Вальдемар Андреасен қарсы шабуылда үшінші голды соғып, жеңісті бекітті. Форесттің шабуылшысы Крис Вуд матч соңында пенальтиден бір гол соққанымен, есепті құтқара алмады.

Ағылшындар соққы саны бойынша айқын басым болды (21:7), бірақ тиімділікте дат клубы артық түсті. Бұл Мидтьюлландтың соңғы 11 матчтағы 10-шы жеңісі. Команда биылғы маусымда Еуропа лигасының іріктеуінен бері сегіз ойын өткізіп, жеті рет жеңіске жетті. Алдағы демалыс күндері олар Дания чемпионатында сырт алаңда Копенгагенге қарсы өнер көрсетеді.

Бұл кездесу Форесттің өз алаңындағы алғашқы еурокубок ойыны болды — соңғы рет мұндай матч 1996 жылы өткен. Сол кезде ағылшындар УЕФА кубогының ширек финалында Баварияға қарсы шығып, ірі есеппен (1:5) жеңілген болатын.

Осылайша, тарихи оралуы сәтсіз басталған Ноттингем Форест үшін маусымның басы қиынға соғып тұр.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 03 Қазан, 2025 00:45
Талқылау