Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нөсер жауынан Маңғыстауды су басып қалды: Жауын-шашын мөлшері жеті айлық нормадан асқан

Маңғыстау облысында 5-6 тамыз күндері нөсер жаңбыр жауды. Екі күнде өңірде жеті айлық нормадан астам жауын-шашын түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  "Қазгидромет"- ке сілтеме жасап.

Қазгидромет мәліметтері бойынша, Форт-Шевченко метеостанциясында түскен жауын – шашынның мөлшері 23 мм құрады, норма бойынша бір айда 7 ММ.

6 тамызға қараған түні Ақтау қаласында қатты нөсер жаңбыр болып, 66 мм жауын-шашын түсті, ал норма бойынша бір айда 6 мм. Қазгидромет алдын ала Маңғыстау облысы мен Ақтау бойынша 6 тамызға күтіліп отырған қатты жауын-шашын, найзағай мен дауыл туралы дабылды ескерту шығарды.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті Ақтауда 12 учаске су астында қалды, оның бесеуі - автомобиль жолдарының жүру бөлігі, деп хабарлайды. Мұнайлы ауданының аумағында төрт көше мен сегіз үйді су басқан.

"Нөсерден зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Қазір жағдай қалыпқа келді. Барлығы 13 700 текше метр су сорылды", - деп түсіндірді өңір ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Мұқанов.

 

Талқылау