"Нөсер жауын, көктайғақ, тұман": Синоптиктер еліміз бойынша қараша айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет еліміз бойынша 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қараша айының соңында тұрақсыз ауа райы болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты болжанған.
Аптаның ортасында республика батысының оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді. Ал айдың аяғында елдің басым бөлігінде, бұл ретте Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аудандарда да нөсер жауын-шашын болжанады.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Талқылау