Норвегиядан жұмыс тауып беремін деп уәде еткен: Нұр-Сұлтанда алаяқ 120-дан астам адамды алдап кетті
Нұр-Сұлтандық полицейлер ер адамға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол Қазақстанның төрт қаласынан бірнеше фирма ашып, клиенттерге Еуропадан жалақысы жоғары жұмыс тауып бермін деп уәде берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Cұлтан полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, елорда, Алматы, Тараз және Оралдан келген 123 жәбірленушінің ісі қаралуда. Олардың барлығы "Ортокласс" компаниясының клиенттері болған. Мекемеге еуропа елдерінде жоғары ақы төленетін жұмыс табуға көмектеді деген соң қомақты сома береді. Бірақ жәбірленушілер көптен күткен жұмысқа ақыры қолдары жетпеген. Бір күні компания директоры байланысты өшіріп, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.
"2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында еліміздің түрлі өңірлеріне әлеуметтік желілер арқылы Норвегия корольдігіне үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге туристік виза беріліп, сағатына 10 еуродан 20 еуроға дейінгі жалақымен жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратылғаны анықталды", – деп хабарлады Нұр-сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
Алаяқтық фактісі анықталғаннан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, компания директорына халықаралық іздеу жариялады. Оны тек 2020 жылдың шілдесінде ғана Санкт-Петербург қаласынан ұстауға мүмкіндік болды. Күдікті ол жақтан Қазақстанға экстрадицияланды.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында жиналған айғақтармен күдіктінің кінәсі дәлелденді. Қабылданған шешім заңдылығын тексеру үшін іс Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы прокуратурасына жіберілді", – деді астаналық полицияда.
Прокуратурада қылмыстық істі зерттеп, айыптау актісін бекітіп, Есіл ауданының №2 сотына жіберді.
Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүлкі тәркіленеді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
