Нөмір жоқ: Алматылықтар апталап мопедтерін тіркеуге қоя алмай жүр
Алматыда мопед жүргізушілері темір тұлпарын апталап тіркей алмай жүрміз дейді. Өйткені қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік нөмір жетпей қалған. Бұ туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скриншот
“Нөмір жоқ. Міне, көріп отырсыз, қаншама мопед тұр. Ішіне кірсеңіз, осы міне. Жедел жұмыс болмағаннан кейін, міне, бәрі осылай тұр. Бәрінің қолы байлаулы. Бесінен кейін ешкімді жүргізбейміз дейді, не деген сұмдық!” – деді мопед жүргізушісі Диас Уақбаев.
Мамандарылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында қарбалас. Мәселен, 19-аймақтың, яғни Жетісу облысы бойынша мемлекеттік нөмірлер таусылып қалған. Қазір қосымша тапсырыс жасалып, мопед тіркеу ертең түске шейін жалғаспақ. Ал полицейлер мемлекеттік нөмір және А1 санатындағы жүргізуші куәлігінсіз жолға шыққандарға ертеңнен бастап айыппұл салынатынын ескертіп отыр.
Еске салайық, 5 сәуірден бастап 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопед жүргізушілері ресми түрде жол қозғалысының толыққанды қатысушысы болып есептеледі. Енді ереже бұзғаны үшін оларға басқа көлік жүргізушілерімен бірдей айыппұл салынады.