Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ninety One" тобының солисі: "Келіншегім - метис"

"Әлем" лақап атымен танымал “Ninety One” тобының мүшесі Батырхан Мәліков “1001 түн” бағдарламасында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/xcialem/_zhangalova

2022 жылы келіншегі Вероникамен некесін қидырған өнер иесі дүркіретіп той жасамады.

“Үлкен той жасаған жоқпыз. Үйге апарып туысқандарға беташар жасадық. Алдағы уақытта сәті түсіп жатса тойды жасармыз. Негізі жақындарымның, достарымның басын қосып, үлкен той жасағым келеді. Жарымның есімі – Вероника, тегі – Жаңғал, әкесінің аты - Болат. Метис, жартылай қазақ, жартылай орыс. Верониканың негізгі мамандығы – финансист. Бір кездері біздің топта менеджер болып жұмыс істеген. Кейін жұмыстан шығып кетті, содан араға бір жарым жыл салып сөйлесіп кеттік. Бастапқыда дос болып жүргенбіз, кейін достық махаббатқа ұласты. Қазір Верноика – модель. Киімдерді үйлестіру – өзінің хоббиі. Өте еңбекқор. Менің мотиваторым. Анам мен әйелімнің қарым-қатынасы өте жақсы. Орамал тағып, сәлемін салады”, – дейді Әлем.

Бүгінде көп қыздардың арманыныа айналған әнші мектеп кезінен бері қыздармен сөйлесе алмайтынын мойындады.

“Мен негізі қыздармен сөйлескен емеспін, сөйлесе алмаймын да. Мектепте қыздармен тіл табысып, өзіне сенімді жігіттердің қатарынан емеспін. Озат оқушы да болмадым. Керісінше, әрікімге бір жалтақтап жүретін, мұғалімдерге компьютермен көмектесіп, ән айтып жүретін балалардың бірі едім. Содан менің басымда “қыздарға ұнамаймын” деген ой қалыптасып қалған. Тіпті қыздар арасында осылай танымал боламын деп те ойламаппын. 

Талқылау