"Ninety One" әншісі үйленді ме? Желіде некелесу сәтінен фото тарады
"Ninety One" тобының мүшесі Батырхан Мәліковтың некелескен сәтінің фотосы тарады. Желі қолданушылары әнші бойдақтықпен қоштасты деп топшылады.
"Әлем" лақап атымен танымал Батырхан Мәліков Вероника есімді арумен кездесетіні белгілі.
Әншінің жанкүйерлері олардың ұзақ уақы бойы қыз-жігіт болып жүргенін айтады. Ару аталған топтың менеджері қызметін атқарған.
Желіде қыз-жігіттің неке қиған сәтінен суреттер тарады. Алайда әншінің өзі ақпаратты растап, не теріске шығарған жоқ.
Жанкүйерлері құттықтап, ақ тілегін арнады.
"Батыр үшін қатты қуаныштымын. Көптен күткен жайт", "Сене алмай отырмын, ең бастысы бақытты болсын", "Құтты болсын!!!! Бақытты болып үбірлі-шүбірлі болсын!!!", "Бұл жаңалыққа қуаныштымын", "Олар ұзақ уақыт кездесті ғой"- деп жазды олар.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”