Николь Кидман салтанатты шарада күйеуінің көзінше әріптесін сүйіп алды (видео)
Әлемге әйгілі Голливуд жұлдызы Николь Кидман «Үздік актер» аталымын жеңіп алған әріптесі Александр Скарсгардты ерекше тәсілмен құттықтады. Актриса «Эмми» сыйлығын табыстау салтанатында елдің көзінше әріптесін сүйіп алды.
Бұл туралы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Бір қызығы, Александрды сүйіп алған сәтінде актрисаның жанында өз күйеуі Кит Урбан тұрған.
Айта кетейік, 50 жастағы актрисаның өзі «Мини-сериалда немесе телефильмдегі үздік актриса» аталымы бойынша марапатталды.
Сыйлықты алу кезінде сахнада тұрған Николь отбасына – күйеуі мен қос қызына алғысын жеткізді. Алайда көрермендер экс-жары Том Крузбен ортақ балалары туралы жақ ашпаған Кидманды сынап тастады.
Жіберіп алмаңыз:
Айдар Тұрғанбек: Қазіргі қыздардың тәрбиесі қиын болып барады
Меруерт Түсіпбаева алғаш рет жалғыз ұлының әкесі туралы айтты
Тоқтар Серіков: Бар әйелді, бар баланы елден жасыру – күнә
Есентаевтың қарындасы Алагөзовке арнап торт әзірлеген Айаруға ренішін жеткізді (фото, видео)