"-Нікі, -дікі, -тікі": Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың дұрыс жалғануы
Біздің тіліміз – буын үндестігіне негізделген әуезді тіл. Бірақ кейбір қосымшалар буын үндестігіне бағынбайды.
Сондай қосымшалардың бірі – меншік мағынасын білдіретін «-нікі, -дікі, -тікі» қосымшалары. Бұл қосымшалардың жуан түрі жоқ. Дегенмен тілімізде жуан нұсқасын қолданып жүргендер баршылық.
Мысалы, «Ол Атыраудыкі» емес, «Ол Атыраудікі» дегеніміз дұрыс болады.
- Бауыржандыкі емес, Бауыржандікі
- Асандыкі емес, Асандікі
- Атамдыкі емес, атамдікі
- Балалардыкі емес, балалардікі.
Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың бірыңғай жуан немесе жіңішке болып айтылуы. Басқаша атауы сингармонизм заңы деп те аталады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”