Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нығматуллин мәжіліс депутатының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Мәжіліс депутат Гүлшара Әбдіқалықованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Гүлшара Әбдіқалықова

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында Гүлшара Әбдіқалықоваға қызметі үшін алғысын білдіріп, көптеген жауапты жұмысты атқарғанын атап өтті. 

 "Бұл тарихи кезеңді атап өткім келеді. Алғаш рет әйел облыс әкімі болып тағайындалды", - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар,ол Гүлшара Әбдіқалықоваға Қызылорда облысының әкімі ретінде жемісті еңбек тіледі.

Еске сала кетейік, 28 наурызда Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.

Талқылау