Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нығматулин қайта парламент мәжілісінің төрағасы болып бекітілді

Парламенттің жаңа депутаттары ант қабылдап, парламент мәжілісінің төрағасын бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Мәжілістің жаңа депутаттары Конституцияға қолдарын қойып, ант етті. 

"Қазақстан халқына қызме етуге, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен тұтастығын арттыруға, Конституция мен заңдарға қатаң бағынуға және өзіме жүктелген міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді мәжілістің жаңа депутаттары.

Сонымен қатар, парламент мәжілісінің төрағасы қызметіне Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин қайта ұсынылды. 

Елбасы Нұрлан Нығматулинді VII шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы қызметіне ұсынды. Біз де депутаттар болып, бұл шешімді қолдадық дейді депутаттар. 

Шешім арнайы жасырын дауыс беру нәтижелері арқылы шығарылып, жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша, Нығматулин парламент мәжілісінің төрағасы болып бекітілді.

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар жаңа төрағаны жасырын дауыс беру арқылы сайлады. Ол үшін 7 депутаттан тұратын санақ комиссиясы құрылды. 

"ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс беру нәтижелері тыңдалды. Санақ комиссиясы Мәжіліс төрағасына кандидат Нұрлан Нығматулинге берілген дауыстарды санады. Дауыс беру үшін Мәжіліс депуттарына 100 бюллетень берілді. Жарамсыз бюллетень жоқ. Барлық 100 бюллетень оң болды. Осылайша, Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды", - деді санақ коммиссиясының төрағасы Мұхтар Ерман.

"Отырыста Мәжіліс төрағасын сайлау бойынша Қаулы қабылданды. Депутат Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайлансын", - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.

Осылайша Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин парламент мәжілісінің төрағасы болып қайта сайланды. 

"Құрметті, әріптестер. Ең алдымен, мені тағы да осы жоғарғы лауазымдық қызметке мәжіліс төрағасы ретінде сайлағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Әсіресе, Елбасы мен мемлекет басшысының маған артқан үмітін ақтауға бар күшімді салатын боламын", - деді Нығматулин. 

Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары ретінде депутат Балайым Туғанбайқызы Кесебаева және Казанцев Павел Олегович бекітілді. 

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев мәжілістегі "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының басшысы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. 

Талқылау