Нигерияда студенттер жақсы баға алу үшін ұстаздарына жезөкше жалдап беріп отырған
Нигерияда политехникалық университеттің студенттері жоғары баға алу үшін мұғалімдеріне жезөкшелер жалдап беріп отырған.
Бұл туралы naij.com хабарлайды.
Осыған байланысты 12 оқытушы жұмыстан қуылса, 16-сының қызметі төмендетілген. Тағы төрт оқытушы ескерту алыпты.
Auchi Polytechnic университетінің студенттері жақсы бағаға ие болу үшін ұстаздарына жезөкшелер жалдап берген. Тіпті олардың қонақүйдегі өткізетін түні үшін де ақысын төлеп беріп отырыпты.
Техникалық білім бойынша Ұлттық кеңес мүшелері зерттеу жүргізгеннен кейін, ұстаздар мен студенттер арасындағы сауда-ақша қатынасы ашылып қалған.
Ал студентке жақсы баға қойып беруге келіскен мұғалім, өзіне ұнаған қонақүйді таңдап, нөмір мен тамақ ақысын да төлеткен.
Оқи отырыңыз:
Қытайда жүргізуші құздан құлап кетерден бір секунд бұрын көліктен секіріп кетті (видео)
Сауд Арабиясының тұрғындары көше сыпырушыға көп алтын мен қымбат смартфондар сыйлады