Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нигерияда полиция мектептен ұрланған 400-ге жуық оқушыны іздеуде

Нигерия әскери күштері бірнеше күннен бері орта мектепке жасалған қарулы шабуылдан кейін жоғалып кеткен 400-дей оқушыны іздеуде.

Оқиға жұма күні елдің солтүстігіндегі Кацина штатындағы Канкара қаласында болды.

Мотоцикл мінген бұзақылар тобы балалар ұйықтап жатқанда оқ жаудырып, мектеп ғимаратына баса көктеп кірген деген ақпарат бар.

Полиция бөлімшелері қылмыскерлердің ізіне түсті. Біз 200 оқушыны құтқарып үлгердік. Кейбіреулер қашып кетті. Содан кейін армия күштері балаларды құтқару операциясына қосылды.

Кәмелетке толмаған балаларды сату үшін Нигерияның солтүстік-батысында жұмыс істейтін топтар ұрлап әкеткен деген болжам бар. Билік оқушыларды тезірек босату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде береді.

Еске салайық, 2014 жылдың сәуірінде радикалды исламшыл «Боко Харам» тобының мүшелері Борно штатының солтүстік-шығысындағы Чибоктағы мектеп жатақханасынан 276 қызды ұрлап кеткен. Шамамен 100-ге жуық қыз жоғалып кетті.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 14 Желтоқсан, 2020 07:56
Талқылау