Нигерияда мұсылмандар Рождество қарсаңында 198 христианды өлтірді
Нигерияда мұсылмандар Рождество қарсаңында 198 христианды өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, мұсылман фулани тайпасының өкілдері 15 ауылға аяусыз шабуыл жасаған. Содырлар пышақ пен атыс қаруын қолданып, алдарынан шыққан барлық тұрғындарды өлтіріп, үйлерін өртеп жіберген.
Қазіргі уақытта 198 қаза тауып, 300 жараланғаны белгілі. Көптеген адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Биыл сайланған президент Бола Тинубу қауіпсіздік мәселелерін шешуге уәде берді. Куәгерлердің айтуынша, полиция бұл қырғынға шамамен 12 сағат бойы жауап бермеген. Президент қауіпсіздік күштеріне аумақты тінтіп, шабуылшыларды ұстауды тапсырды.
Intersocity құқық қорғау ұйымының мәліметі бойынша, Нигерияда мұсылмандар 14 жыл ішінде 50 мыңнан астам нигериялық христиандарды өлтірген.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ