Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нигерияда қарулы басбұзарлар мектептен 300-ден астам оқушыны ұрлап әкетті

Фото: Christian Association of Nigeria/AP Photo/picture alliance

Қарулы адамдар Нигер штатындағы интернатқа шабуыл жасап, 303 оқушы қыз бен 12 мұғалімді ұрлап әкеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN.com сілтеме жасап хабарлайды.

Қауіпсіздік шаралары үшін Нигериядағы көптеген мектеп уақытша жабылған. Ел президенті Бола Тинубу G20 саммитіне барудан бас тартты. 21 қараша түнінде Папири ауылындағы мектепке қарулы топ кіріп, күзеттің бірін атып өлтірген және мектепте болған адамдарды ұрлап кеткен. Қауіпсіздік күштері оқушыларды іздестіріп жатыр.

Бұл шабуылдан бірнеше күн бұрын, солтүстік-батыс Кебби штатындағы интернаттан 25 оқушы қыз ұрланған, ал батысындағы Kwara штатындағы шіркеуден 38 адам ұрланған. Соңғы жағдай бойынша ұрланған әр адамға шамамен 60 мың евро (36 миллион теңге) көлемінде өтеп алу талап етілген.

Нигерияның солтүстік-батысы мен орталық аймақтарында қарулы топтар бірнеше жылдан бері адамдарды ұрлап, кейін ақша талап етумен айналысып келеді. Мұндай шабуылдардан соң мыңдаған адам қаза тауып, басбұзарлар бірнеше штатты қамтитын ормандарға тығылып кетеді.

Ең белгілі оқиғалардың бірі 2014 жылы болған. Сол кезде "Боко Харам" террористік тобы Чибок қаласындағы лицейден 276 оқушы қызды ұрлаған. Кейбірі террористерден қашып құтылып, кейбірі келіссөз жасап босатылған. Amnesty International деректеріне сәйкес, 2024 жылға дейін 82 ұрланған қыз әлі де із-түссіз.


Талғарда әйелді зорлап, ер адамды өлтіріп, баланы кепілге алған күдікті ісі сотқа жетті


Атырау облысында белгісіз әйел зейнеткерге сірке қышқылын шашып алтын бұйымдарын ұрлап кеткен


Еске салайық, бұған дейін Сенегалдық 18 жастағы жас қақпашы Шейк Туре Ганада белгісіз адамдардың қолынан қаза тапты. Шейк Турені кәсіби клубқа шақырып, Ганаға апарғаннан кейін ұрлап, отбасынан ақша бопсалаған. Құтқару әрекеттері жүргізілгенімен, Туре мерт болды. Марқұмның денесі табылып, Сенегал мен Гана билігі тергеу жүргізіп жатыр. Билік спортшылар мен ата-аналарды шетелден келетін ұсыныстарға сақ болуға шақырып, тек ресми арналар арқылы тексеруге ескертті.

Айым Атамбаева
Сенбі, 22 Қараша, 2025 20:20
Талқылау