Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нидерландыда коронавирустық шектеулерге байланысты жаппай тәртіпсіздіктер болуда

Нидерландыда жаңа коронавирустық шектеулерге қарсы тұрғындар мен полиция арасында қақтығыстар болып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Роттердамда полиция наразылық білдірушілерді  тыныштандыру үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, ауаға оқ атуға мәжбүр болды.

Сонымен қатар полиция Эйндховен мен Амстердамдағы демонстранттарды тарату үшін су мен көзден жас ағызатын газ қолданды.

Коменданттық сағат енгізілуіне қарсы шыққандар жарылғыш зат лақтырып, супермаркеттерді тонап, дүкен сөрелерін құлатты.

Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте тәртіпсіздікке қатысушыларды айыптап, олардың әрекеттерін бостандық үшін күрес емес, қылмыстық зорлық-зомбылық деп атады.

Айта кетейік, Нидерландыда 21:00-ден 04: 0-ға дейінгі коменданттық сағат екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет енгізілді.

Талқылау