Қазақстандық әйел Instagram-дағы өрт туралы жазбасы үшін 86 мың теңге айыппұл арқалады

Семейлік әйел “балалар ойын-сауық орталығындағы өрттен 18 адам қаза тапты” деп таратқан жалған ақпараты үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 3 наурыз күні қаладағы Balapark балалар ойын-сауық орталығында болған. Мұнда өрт шыққан. Құтқару қызметтерінің жедел әрекетінің арқасында ешкім зардап шекпеген.
Алайда осы оқиғадан кейін қала тұрғыны Instagram-дағы бір парақшада өрт кезінде 18 адам қаза тапты деген жалған ақпарат таратқан. Бұл хабар тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызып, қоғамдық тәртіпке кері әсер етуі мүмкін болған.
Полиция әйелдің кім екенін тез анықтап, оған қатысты әкімшілік іс қозғады.
-
Түркістан облысында зорлық ісі: Зардап шеккен әйел мен адвокат жалған куәлік бергені үшін сотталды
-
Қостанайда азаматтарды 123 миллион теңгеге алдаған кәсіпкер түрме жазасынан құтылып кетті
Сот барысында әйел өз кінәсін мойындады. Нәтижесінде сот оны жалған ақпарат таратқаны үшін 86 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Қазір бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура өкілдері мұндай жағдайларда жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын және әсіресе төтенше жағдай кезінде мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті.